Министрлік елімізде тұрғындардың жидектер мен өсімдіктерді қандай нормада тегін жинай алатынын айтты

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті еліміздегі тұрғындар жидектер мен өсімдіктерді қандай нормада тегін жинай алатынын мәлімдеді.

Фото ашық дереккөзден

Министрлік халықтың жеке және тұрмыстық қажеттіліктері үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекітілген шектерде тегін және тиісті рұқсаттарсыз жинауына кедергі қойылмайтынын айтады. Дегенмен белгілі бір жинақ мөлшерлемесі арқылы флораны түгендеу, геоботаникалық және ресурстық зерттеу материалдары негізінде норма белгіленбек.

Жидек пен өсімдіктер жинауда бір адамға қойылатын шектеулер:

  • (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерден басқа) дәрілік өсімдіктер үшін10 кг-ға дейін;
  • жемістер мен жидектер 20 кг-ға дейін;
  • саңырауқұлақтар 25 кг-ға дейін.

Ал өсімдіктерді бизнесте пайдаланатындар үшін бұл ақылы болады. Олардың құны жинақ көлеміне, таралуына, құндылығына, молайту мүмкіндігіне, осы ресурстардың өнімділігіне байланысты айқындалады.

«Алым сомасын да жергілікті мәслихаттар әкімдіктердің есептеулеріне сүйене отырып, нарықтық бағалар мен оларды дайындау, өңдеу, тасымалдау және өткізуге жұмсалған шығындар сомасының айырмашылығына қарай белгілейтін болады. Өсімдік ресурстарының нарықтық бағасы өнімді жинау маусымында сол орында белгіленеді», – деп түсіндірді комитеттегілер.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар енді жабайы өсімдік тергендер де салық төлейтінін хабарлаған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-10.18 ℃
Днем-6.97 ℃
Вечером-9.05 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.49 м/с
2025-02-12
Утром-11.87 ℃
Днем-6.88 ℃
Вечером-9.64 ℃
Ночью-11.75 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.43 м/с