Оралда гараждан 3 адамның мәйіті табылды: тың дерек шықты

Көлігін жөндетпекші болған Орал тұрғыны гараждың ішінде тірідей өртеніп кетті.

Фото: БҚО ТЖД

Көлігін жөндетпекші болған Орал тұрғыны гараждың ішінде тірідей өртеніп кетті. Оның қасынан тағы екі адамның мүрдесі табылды. Олардың бірі -үй иесінің әйелі, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Анатолий Тихонов үйіне жапсарлас салынған гараждың көз алдында өртенгенін айтады. Жалма-жан іште жүрген әйелін құтқаруға ұмтылған. Бірақ жете алмапты, үсті-басы күйіп қалған. Оқыста тұтанған қызыл жалын үйдегі төрт баланы жетім етті.

«Гараждың гүрс етіп жарылғанын естігенде әйелімді шығарып алуға асықтым. Бірақ өрт сөндірушілер ішке кіргізбеді. Тіпті біреуі «Кет!» деп мені ұрып жіберді. Әйтпесе жұбайымды өзім құтқарып алатын ем. Гараждағы көлік иесінің кім екенін білмеймін», – дейді үй иесі Анатолий Тихонов.

Үй иесінің айтуынша, гараждағы көліктің газ қондырғысынан иіс шығып тұрған. Демек дәнекерлеу кезінде ұшқын тиіп, өрт шығуы мүмкін дейді.

Өрттің себебін мамандар әлі анықтап жатыр. Тіпті бұл жердегі өтуге болмайды деген ескерту белгі де әлі алынбаған. Бірақ оттың қызуы қатты болғанын мына гараждың қазіргі көрінісінен байқауға болады. Ал автокөліктің темірден жасалған бөлшектерінің бәрі дерлік балқып кеткен.

Қаза тапқандардың бірі мұнда көлігін жөндетуге келген. Аяқ астынан айналасы отқа оранғанда сыртқа шыға алмай қалған.

«Өрт орнынан үш адамның мәйіті, сондай-ақ сыйымдылығы 50 литрлік 4 оттегі баллоны шығарылды. Өрт 21 сағат 32 минутта оқшауланып, 22.02 минутта толығымен жойылды. Өрт орнына ТЖД-ның 23 қызметкері және 7 бірлік техника жұмыс істеді», – дейді БҚО ТЖД бас маманы Азамат Мұхамбетов.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», -дейді БҚО ПД баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова.

Қазір келтірілген шығын анықталып жатыр. Егер полиция кінәліні анықтаса, ол бес жылдан он жылға дейiн сотталуы мүмкін.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнынан 1988 жылғы ер адам көміртегі тотығымен орташа улану диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

8 − two =

x
2023-11-29
Утром-0.83 ℃
Днем-0.16 ℃
Вечером-1.47 ℃
Ночью-2.1 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.21 м/с
2023-11-30
Утром-2.29 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером-0.16 ℃
Ночью0.74 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.87 м/с