Оралда Жайық өзені арқылы өтетін көпір уақытпен ашылады
1961 жылы салынған көпірдің үстіндегі жол төсемі мен бетон плиталар арасындағы жіктерді жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды мердігер компания екі аптаның ішінде аяқтауға уәде берген еді.

Жайық өзені арқылы өтетін үлкен көпір пайдалануға берілді. Бұл көпірді бір апта бұрын жөндеуге жапқан болатын. «Қазір көпірдің жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат берілді» деп хабарлады Орал қалалық автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.
27 сәуірден бастап көпір күн сайын сағат таңғы 06.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ашық болмақ. Кешкі 22.00 мен таңғы 06.00 аралығында 20 мамырға дейін көпір жөндеуге жабылады.

«Бұл көпір 1961 жылы салынған. Соңғы рет күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген. Қазір Орал қалалық әкімдігінің еншісінде. Енді көпірді республикалық балансқа беру үшін құжаттары рәсімделіп жатыр»,- деді Ерлан Шайхиев.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал көпірі жөндеуге жабылады