БҚО-да мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзудың 23 фактісі анықталған

Батыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан күні бүгінге дейін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзудың 23 фактісі анықталып, жергілікті бюджетке 3 млн теңгеден аса қаржы қайтарылған. Бұл жөнінде республикалық «Әділдік жол» қоғамдық бірлестігінің облыстағы жетекшісі Бауыржан Ахметжан брифингте айтты.

Оның сөзінше, Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафуллин Чувашин жалпы орта білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-не орындалмаған жұмысы үшін 8 569 900 теңгені негізсіз аударған. Тек бұл ғана емес, Казталов ауданында да қаржыны негізсіз аудару фактісі анықталған.

– Казталов ауданы, Казталов ауылында жаңадан салынып жатырған 600 орындық мектептің құрылысына тапсырыс беруші — облыстық құрылыс басқармасы мердігер «Жиенбай» ЖШС-не 60 952 500 теңгені негізсіз аударғанын анықтадық. Біз БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев пен Бәйтерек ауданы білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллинді жауапкершілікке тарту үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хат жолдаған болатынбыз,-дейді Бауыржан Ахметжан.

Ол мемлекеттік мекемелердің қосымша құн салығы түрінде көрсеткен негізсіз аударылған қаржы жергілікті бюджетке қайтарылғанын айтты.

-Мемлекеттік мекемелер мердігерлерге қосымша құн салығы түрінде 6,3 млн теңгені заңсыз аударған. Бұл фактіні анықтағаннан кейін біз облыс әкімдігіне, уәкілетті органдарға хат жазып,3 млн теңгеден аса қаржыны кері қайтартқыздық және тағы да 3 млн-нан аса қаржы келісім шарттан қысқартылды-деді брифингте Бауыржан Ахметжан.

Оның айтуынша, облыстық онкологиялық диспансері ауруханасының басшысы Ерлан Тоқсанов «Астана-эксперт консалтинг» ЖШС-не 1,3 млн теңгенің үстіне қосымша құн салығын қосып, 139 285 теңгені артық аударған.

-Жәнібек ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Түйебаев та «Батыс Строй Инжиниринг» ЖШС-не 871 мың теңгеге келісім шарт жасасып, қосымша құн салығымен 93 360 теңгені артық аударған. Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі де «Гаумертекс» ЖШС-мен 4 млн теңгеге шартқа отырып, 428 571 теңгені қосып аударған. Айта берсем мұндай фактілер өте көп. Осындай әрекеттерді анықтап жатқанымызбен, мемлекеттік мекемелер тарапынан заңсыздыққа жол берулері тоқтар емес,-дейді Бауыржан Ахметжан.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-8.38 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с