Қазақстанда газ бағасы өседі

Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ке өседі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға шекті көтерме баға 15%-ке өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды», – деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Ведомство түсіндіргендей, тауарлық газдың шекті көтерме бағасының өсуі газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне, сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне, ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты.

Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.

Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-тен аспайды.

Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

three × 2 =

x
2023-12-11
Утром-15.79 ℃
Днем-14.92 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-15.23 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.23 м/с
2023-12-12
Утром-18.36 ℃
Днем-16.69 ℃
Вечером-15.78 ℃
Ночью-15.53 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1049
Скорость ветра8.7 м/с