БҚО аудандарының бірінде төрт жайлы мектеп салынбақшы
Олар Бөрлі ауданында орын теппек.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023 жылы 900 орындық Строительный-4 шағын ауданында мектеп құрылысы басталады. №1 Ақсай апатты мектебінің орнында 300 орындық жаңа мектеп салынады, сондай-ақ Пугачево ауылында 600 орындық мектеп пайда болады.
Бұдан басқа, 2024 жылы қаланың 14-ші шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарлануда.