Оралда мерекеге байланысты орталық көшенінің кей бөлігі жабылады
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекеге байланысты Н.Назарбаев даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс шектеледі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған алдағы іс-шараларға байланысты 30 сәуірде сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін және 1 мамырда сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін Назарбаев даңғылы бойынша Досмұхамедов көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі жол жабылады.