Оралда жол құрылысының мамандары жетіспейді

Сарапшылардың айтуынша, қызмет атқарып жатқандардың дені кәсіби маман емес. Өңірде маман даярлайтын жалғыз арнаулы оқу орыны бар. Ол мемлекет есебінен қаржыландырылады. Дегенмен, кадр сұранысы толық жабылмай тұр.

«ОА» мұрағатынан

Азамат автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы мамандығы бойынша кәсіби білім алған. Қазір жол құрылысы материалдарының сапасын тексеретін зертханада еңбек етіп жүр. «Өзім таңдаған салада қызмет атқарып жатқанымды мақтан тұтамын» дейді ол.

Азамат Рамазан, зертхана қызметкері:

— Ауылдық жерде көретін едім үлкен техникалардың, кісілердің жол саласында жұмыс істеп жатқандарын. Сонда қызығып, не істеп жатыр екен, қалай болады екен деп. Сол өсе келе жолдың саласына қызығып, осы жол мамандығына түскен болатынмын. Жақсы, иә. Жұмыс кестесе өте тиімді. Жалақымыз жақсы.

Мұндай мамандық иелерінің бәрі бірдей дипломын кәдеге жарата қоймайды. Өйткені жастардың көбі кеңседе жұмыс істеуді қалайды екен. «Ал жол құрылысы саласы төзімділікті, еңбекқорлықты талап етеді, сондықтан екінің бірі келе бермейді» дейді сарапшылар. Мәселен, жол сапасын қадағалайтын кәсіпорынға екі зертханашы мен екі инженер қажет екен. Мұндай кадрларды таппай сарсаңға түскен ұйым басшылығы енді студенттерді ақылы тағылымдамадан өткізуге көшіп жатыр.

Абылайхан Алшынбаев «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО филиалының директоры:

— Біз 3-курста оқитын 5 студентті өндірістік машықтан өткізуді жоспарлап отырмыз. Оқу орнымен келісім жасалып жатыр. Студенттер әрі тәжірибе жинақтайды әрі жалақы алып отырады. Тағылымдама 5 айға созылады. Кейін бізде тұрақты жұмысқа орнаса алады. Кадр тапшылығын осы әдіс арқылы шешіп көрмекпіз.

«ОА» мұрағатынан

Облыста жол құрылысы мамандарын даярлайтын жалғыз колледжде дәл қазір 400-ден астам студент оқып жатыр. Оқу орнына аймақ қазынасынан жыл сайын 300 млн теңге шамасында қаражат бөлінеді екен. Әйткенмен саладағы маман тапшылығы қоғамды әлі толғандырып отыр. Компанияларға геодезист, автогрейдер жүргізушісі, инженер және лауазымды қызметтерге мамандар жетіспейді. Студенттердің тәжірибесін жетілдіру мақсатында былтыр колледжің техникалық базасы жаңартылған. Сондай-ақ жол құрылысы техникасының машинисін даярлау құзіреті пайда болды. Түлектерді тұрақты жұмыспен қамту үшін 30-дан астам әлеуметтік серіктеспен байланыс орнатылған. Дуалды оқыту әдісі арқылы білім алған студенттердің тағылымдама мерзімі жұмыс өтілі ретінде есептеледі. Ал алдағы оқу жылы шәкіртақы екі есе өскелі тұр.

Мирас Сапарғалиев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

— «Жас маман» жобасына қатысып, осы жол құрылысы мамандықтары бойынша 252 млн теңгеге жаңартылған халықаралық стандарттарға сәйкес құрал-жабдықтар жабдықталды және осы «Жас маман» жобасы аясында құзіреттілік орталық құрылды осы мамандықтарды даярлауға. Қазіргі кезде оқу бағдарламасына сәйкес 151 адам практикада өндірістік орындарда. Соның ішінде 17 адам дуалды оқыту бойынша. Былтыр 134 адам бітірсе, соның 60 пайызы жұмысқа орналасты таза өзінің мамандығы бойынша.

«ОА» мұрағатынан

Кәсіби маман тапшылығы жолдың сапасына да кесірін тигізері сөзсіз. Құрылыс барысын бағамдаған жұмыс топтары биылдың өзінде 120 материал сынамасының 40 шақтысы талапқа сай келмейтінін анықтаған. Сонымен қатар жолды күтіп ұстау жұмыстарында да кемшіліктер байқалып отыр. Жергілікті сала басшылары түйткілді шешуге бағытталған кешенді жұмыс жоспарының біртіндеп оң нәтиже береріне сенімді.

Дереккөз: 24.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с