Оралда от жаққандар айыппұл төледі
Оралда бір жарым миллион теңгеден астам сомаға өз бетінше от жаққаны үшін 29 азамат жазаланды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар қалалық демалыс орындарында, сондай-ақ саяжайларда рейдтік іс-шаралар барысында анықталды. Сарапшылар облыс аумағында құрғақ жерлердің өртену жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. Сондықтан құтқарушылар мен орман шаруашылығы инспекторларының командалары күшейтілді. Енді кезекшілікті патрульдің үш түрі – қайықпен, атпен және жаяу жан – жақты қарап жүреді. Оларға еріктілер де көмектеседі. Жыл басынан бері аймақта екі орман және 20-дан астам дала өрті болған.
Альфия Жәңгірова, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
– Орман өрттерінің пайда болуын анықтау бойынша жылу нүктелері бойынша геопортал арқылы спутниктік мониторинг жүргізіледі. Облыс тұрғындарына ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және ормандардағы санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 367-бап бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, онда 30 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Сағадат Әнес, БҚО ТЖД бас маманы:
– Өрт қауіпті кезең басталғалы облыс аумағында 311 гектарды құраған 2 орман өрті және 24 дала жану оқиғалары орын алды. Құрғақ шөпті немесе қоқыс қалдықтарын жағу себептерінен орын алып жатыр. Осыған орай темекі тұқылдарын, табиғат аясында демалу кезіне өрт ошақтарын сөндіріп, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Дереккөз: 24.kz