1 маусымнан бастап Қазақстанда электр энергиясын өндіруге жаңа шекті тарифтер енгізуді жоспарлап отыр

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіруге арналған энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін қайта қарауды және 2023 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстанның Энергетика министрлігі (ЭМ).

Мамыр айында энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін қайта қарау жоспарланған (қолданысқа 2023 жылғы 1 маусымнан бастап енгізіледі!).

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жалпы 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде қалады.

Өтінімдерді қарау кезінде әрбір жеке жағдайда жеке тәсіл қолданылды. Энергия өндіруші ұйымдарды негізгі және қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ауқымды жөндеу жүргізе отырып, алдағы жылыту маусымына дайындаумен байланысты уақтылы шешуді талап ететін өтінімдер назарға алынды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының тозуы шамамен 58%, бұл ретте бірқатар ЖЭО-да тозу деңгейі 90%-ға дейін жақындайды. Бұл Степногор ЖЭО – 82%, Риддер ЖЭО – 75%, Орал ЖЭО – 86%. Жыл сайынғы тозудың өсуі – жөндеу жұмыстары ЖЭО сенімділігі мен апатсыздығын қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде емес, тек тарифте көзделген көлемде ғана жүргізілетініне байланысты».ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Жалпы алғанда, ведомсвоның хабарлауынша, шекті тариф жобасы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты, материалдар мен жабдықтар құнының өсуін, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз, оның ішінде отын мен оны тасымалдау құнының артуына байланысты шығындарды ұлғайтуды көздейді.

Шекті тариф жобасында өндірістік персоналдың жалақысының ұлғаюы да ескеріледі. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан экономиканың аралас салаларына жоғары білікті мамандардың кетуін тоқтатуға бағытталған.

Сонымен қатар энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін арттырудың халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсеріне талдау жүргізіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.41 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.3 ℃
Ночью-10.44 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.45 м/с
2025-02-17
Утром-14.78 ℃
Днем-9.85 ℃
Вечером-12.38 ℃
Ночью-15.36 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.75 м/с