Kaspi.kz e+Awards халықаралық маркетинг сыйлығының гран-приі мен екі «алтынын» алды
Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандарға, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге — E+Awards халықаралық байқауы өтті.
Kaspi.kz байқаудың абсолютті жеңімпазы атанды. «Тұрақты жетістік» номинациясы бойынша Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесін ұйымдастырғаны үшін қазақстандық компания екі марапатқа ие болды: гран-при және «алтын». Сондай-ақ Kaspi.kz «Сәлеметсіз бе! Мен сіздің Kaspi Гид-іңізбін» науқаны үшін «алтын» иеленді. Қазылар алқасы Kaspi.kz-пен жұмыс істегені үшін Gforce/Grey-ді (Қазақстан) Орталық Азиядағы жылдың ең тиімді агенттігі ретінде таныды.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
«Біздің миссиямыз – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистер жасау. Бірінші кезектегі міндетіміз – теңдесі жоқ сапалы сервистер мен өнімдер жасау. Сүйікті клиенттерімізге олар туралы жарнамалық науқандарымыз арқылы жеткізуге тырысамыз. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы командамызға ең жоғары марапат бергеніне қуаныштымыз. Kaspi.kz-тің сервистерін пайдаланғаны үшін және бізді үнемі жақсартулар мен инновацияларға шабыттандырып отырғаны үшін әр клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз!»
52 сарапшыдан тұратын беделді қазылар алқасы брендтің танымал болуы (Brand Awareness), сіңіп кетуі (Penetration), брендке деген қызығушылық (Consideration), сатып алушылардың сатып алу ниеті, (Purchase lntent) және брендті көрнекілендіру (Brand lmage Attributes) сияқты көрсеткіштер бойынша компанияны көшбасшы деп таныды.