ХҚКО 10 мамырға дейін кейбір қызмет түрлерін уақытша тоқтатады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алдағы бес күнде кейбір мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болады. Өтінімдерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында түсіндірілгендей, уақытша қолайсыздықтар «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» дерекқорынан жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына көшумен байланысты. Жүйе ХҚКО — да мерекеден кейін-10 мамырда іске қосылады. Бұдан басқа, жер және жылжымайтын мүлік бөлігінде «Электрондық үкімет» порталы, нотариустар, салық, банктер және атқарушылық іс жүргізу органдары жүйесі арқылы онлайн-қызметтер қолжетімді болмайды.
«Қызметтердің қолжетімсіздігі тек 5-9 мамыр аралығында байқалады. Шын мәнінде, қызметтердің қол жетімсіздігі тек бір жұмыс күні болады, қалған күндер мерекеге келеді. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін, жаңа ақпараттық жүйеге көшу көрінбейтін және ауыртпалықсыз болуы үшін жасалады. Қызметтердің қолжетімсіздігі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, техникалық тексеру, міндетті тіркеуге жатпайтын кепіл, сондай — ақ электрондық форматта көрсетілетін қызметтер саласында байқалатын болады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылжымайтын мүлік департаменті директорының орынбасары Нұргүл Кенжебаева.
Естеріңізге сала кетейік, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты ХҚКО мен арнайы ХҚКО 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді. Сенбі, 6 мамырда жұмысқа тек ХҚКО мен арнайы ХҚКО кезекші қызметкерлері шығады. Олар азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет етеді.