Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің электронды базасы іске қосылды
Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін мәңгі есте қалдыру мақсатында «Ер есімі ел есінде» жобасы басталды.

«Qazcontent» «ҰОС ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Жоба Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда. El.kz агенттігінің хабарлауынша, бұл деректер базасы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен майдангерлердің есімдері мәңгілікке жазылатын электронды ресурс.
Базаны онлайн түрде толықтыру жоспарлануда. Оны жаңартуға әркім өз аталары туралы деректерді batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп салу немесе elimai2012@gmail.com электронды поштасына жіберу арқылы қатыса алады.
Ардагерлер туралы жіберілген ақпаратпен қоса суреттер жіберу керек, аты-жөнін, туған жері мен жылын, сондай-ақ әскери атағы мен соғыстағы ерліктерін көрсету керек.