Каспий теңізінде итбалық пен бекіре қырылып жатыр: министрлік түсінік берді

Өлекселер іріп кеткендіктен, гистологиялық сынама алу мүмкін болмаған.

фото: ашық дереккөз

Каспийдің Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан итбалықтардың, ақүрпектердің және Қызыл кітапқа енген балықтардың өлекселері табылды. Бұл жағдайды достарымен бірге демалуға шыққан жергілікті әуесқой балықшы видеоға түсіріп алған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

6 мамырда сағат 19:00 шамасындағы түскен ақпарат бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық және 4 бекіре балығының өлексесін тапты, – деп жазылған министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Соның аясында жануарлар өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетіп, өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамалары алынды.

Бірақ өлекселер іріп кеткендіктен, гистологиялық сынама алу мүмкін болмаған. Дегенмен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізі жағалау аймағының мониторингін жалғастырып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с