Қазақстанда медициналық қызметтер бағасы шарықтайды

Елімізде медициналық көмектің жекелеген бағыттары бойынша тарифтер көтерілмекші.

Фото: upr.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық консультациялық-диагностикалық көмекке көп жүгінеді. Яғни, медициналық ұйымдарға түсетін жүктеме артып отыр. Сондықтан, қабылдау мүмкін болмаған жағдайда пациенттердің 80%-ға жуығы жеке медицина орталықтарына жіберіледі.

«Бұл медициналық сақтандыру қорының негізгі жеткізушілерінің борыштық міндеттемелерінің қауіптерін арттырады. Сондай-ақ, қосып жазу, шамадан тыс диагностика, мемлекеттік ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмектің болмауы базасында зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсетуді, арнайы мамандардың консультацияларын дамытуға деген ұмтылысты қиындатады», — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, министрліктен консультациялық-диагностикалық қызметтерге бағытталған шығыстар шекті бюджет қаражатының сомасынан асып кететін де атап өтті. Сондықтан биыл 1 ақпанынан бастап аталған медициналық көмектерге бөлінген қаржыға бақылау енгізді. Бұл өз кезегінде қажетті қызметті қабылдаушылар мен оны бірлесіп орындаушылар арасында наразылық тудырды. Оны шешу үшін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық сақтандыру қорының аумақтық филиалдары директорларының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.

Мәлім болғандай, талқылау нәтижесінде қысқа мерзім ішінде мына шараларлы қабылдау туралы шешім мақұлданды:

1. Амбулаториялық деңгейде бірлескен орындаушылардан желілік шкаланы алып тастау;

2. Жұмыстарға жасалған мониторингтен кейін ақпан-наурыз айларында консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша орындалған қызметтерді қосымша қаржыландыру;

3. Медициналық көмектің жекелеген бағыттары бойынша тарифтерді көтеру.

«Кейбір ауруханалардың кредиторлық берешегін ескере отырып, қаржылық сауықтыру жоспарлары әзірленді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен медициналық ұйымдардың борыштарын өтеу бойынша ведомствоаралық меморандумдар жасалды», — деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінен.

Бұған қоса, ведомство бастамасымен ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін қызметтерге қойылған сараланған коэффициенттерді арттыру жоспарланып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром10.41 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с