Қазақстанда мопед пен велосипедке мемлекеттік нөмір тағу міндеттелмек

Ішкі істер министрлігі жолда жүру ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Сурет ашық дереккөзден

Қазақстанда мопед пен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Кулуарда журналистер министрден «Самокаттарға мемлекеттік нөмір тағу қажет пе?» деп сұрады.

«Бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ, бірақ біз оны кейінірек қарастырамыз. Бүгінде, өкінішке қарай, мопед пен самокат жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Сондықтан, мұны заңмен реттейтін уақыт келді», – деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен барлық жаяу жүргіншілердің, самокат, мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Жобада депутаттар электр самокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер топтамасын ұсынды.

Жобаға сәйкес:

  • электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады;
  • жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады;
  • электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады;
  • тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі;
  • электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі, үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Самокатпен, велосипедпен жүруге болатын-болмайтын жерлер

Бұдан былай Қазақстанда электрлі самокат жүргізушілерінен құжат талап етіледі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.84 ℃
Днем20.9 ℃
Вечером17.2 ℃
Ночью13.1 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.65 м/с
2026-10-13
Утром9.97 ℃
Днем20.58 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью15.23 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.66 м/с