Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салуды ұсынады

Депутат Нұргүл Тау депутаттық сауал жолдады. Ол депутаттық сауалға мектеп оқушылары мен жастар арасында «вейп» атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу туралы түскен өтініштері себеп болғанын айтты.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес никотинді тұтынудың электрондық құралдарының нарығы 2020 жылдан 2022 жылға дейін 292 есеге артты.

Оның сөзінше, электронды темекіге тәуелділік балалар мен жастарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі.

Осының салдарынан оқу орындарында оқушылар, студенттер арасында буллинг белең алып келеді. Тәуелділік құрбаны болған жастар көп жағдайда электронды темекіге немесе басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін қылмысқа барады. Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар 1 735 қылмыс жасаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде ұрлық — 782 факт, алаяқтық — 166, тонау — 154, ұсақ ұрлық — 93, бұзақылық — 81, — деді ол.

Сондай-ақ елімізде темекі кесірінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Себебі темекі адам өміріне қауіпті ауруларды қоздырады.

Ұлт саулығына, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді жоятын кез келді, өкінішке қарай осы кері үрдіске шара қолдану уақытын біршама кешіктіріп қалғандаймыз, — деді ол.

Депутат мынадай ұсыныс айтты:

1) депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға;
2) электронды темекілердің, оның ішінде вейптердің жарнамасына тыйым салуға және осыған байланысты жауапкершілікті күшейтуге;
3) Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салудың сақталуын тексеру туралы» тармақ қосу.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.83 ℃
Днем20.73 ℃
Вечером17.24 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.88 м/с
2026-10-13
Утром9.82 ℃
Днем20.54 ℃
Вечером17.28 ℃
Ночью14.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.4 м/с