Терек мамығы өртке қауіпті!

Терек мамығы өртке өте қауіпті, ол аздаған ұшқыннан немесе темекі тұтығынан лезде тұтануы мүмкін, осыған орай ол өте тез жанады.

Сурет ашық дереккөзден

Балалар терек мамықтарын тұтандырып ойнауға әуес келеді. От жалынының «ақ кілем» үстімен тез таралатындығына қызыға қарайды. Алайда мұндай ермек істердің үлкен өрттің туындауына, тіпті адам өліміне әкелуіне себепші болуы мүмкін.

Балалар ғана емес, ересектер де шылым немесе сіріңкені сөндірмеген күйде лақтырып, терек мамықтарының тұтануына себепші болады. Терек мамықтары тез тұтанады, оқ-дәрі секілді жойқын күшпен жан-жаққа тарап, соңынан қара түтін қалдырады. Өрт санының артуына себеп болады. Әсіресе ағаштан жасалған құрылыстар, сондай-ақ гараждар мен көлік тұрақтары өрттің шығу қаупіне бейім. Егер бұлардың маңында газ құбырлары болса, жағдай тіпті қиындай түседі. Сондықтан баршамызға сақ болған жөн.

Қала терек мамығымен толып жатқан маусымда және ғимараттардың, қоршаулардың, әртүрлі заттардың жанында, тұрақта тұрған көліктердің астында, желдеткіш саңылауларға, торларға, құбырларға кептеліп қалған жеңіл үлпілдек терек мамағына сақ болу керек. Мамық бірден кішкене ұшқыннан, сөндірілмеген темекі тұқылынан немесе сіріңкеден тұтанады.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

— балаларға терек мамығын жағуға жол бермеңіз;

— сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

— балаларға отпен ойнау салдарының ауырлығын түсіндіріңіз;

— балкондардан, лоджиялардан, терезелерден темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамаңыз;

— егер сіз темекі шегетін болсаңыз, онда мұны арнайы белгіленген жерде жасаған жөн, темекі тұқылдарын жанбайтын материалдардан жасалған контейнерлерге салыңыз;

— өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу орындарын, оларды жүргізу алдында қоқыс пен мамықтан тазартыңыз, күрек, суы, құмы бар ыдысты дайындап өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз;

— терек мамығы жиналатын жерлерде немесе оның жанында от жағуға жол бермеңіз;

— көліктерді терек мамығы жиналатын жерлерге қоймаңыз – абайсызда тасталған темекі тұқылы, жанып тұрған сіріңке немесе баланың еркелігі көлік құралын зақымдауы немесе өртеніп кету қауіпі жоғары;

— аулаларды, автотұрақтарды терек мамығынан уақытында тазалаңыз, мамық жиналған жерлерге суды толтырып тастаңыз.

Осы өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлығы қарапайым қала тұрғындарына ғана емес, ұйым басшыларына да қатысы бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с