БҚО тұрғындары ұңғыманың қайта іске қосылғанына қарсы шықты

Батыс Қазақстан облысындағы Горбуново ауылының тұрғындары мұнай ұңғымасының қайта іске қосылуына қарсы. Қара алтын іздегендердің кесірінен аумақ экологиялық апатқа ұшырайды деп қорқады, деп жазады ktk.kz сайты.

Сурет КТК телеарнасынан

Екі мыңыншы жылдары бұл маңда ұңғымалардан от лаулап тұрған еді. Сол кездерде төрт түлік мал қырылып, судағы балыққа дейін қырылды дейді ауыл халқы.

Горбуново ауылы Оралдан отыз шақырымдай жерде орналасқан. Жүзге жуық шаңырағы бар елдімекен аумағына мұнайшылар көз тігіп отыр. 20 жылдай бұрын ұңғымалар орнатып, бұл маңда кешкілік от лаулап тұрыпты. Оның ақыры мал-жанға қауіп әкелген.

Альфия Өтеуова, Горбуново ауылының тұрғыны:

– Қай жылы екенін білмеймін, осы ұңғымалардан от шығып тұрды. Біздің сиырларымыз іш тастап, малымыз өле бастады. Өзендегі шабақтарға дейін қырылды. Үлкендердің қан қысымы көтеріліп, ауылда күлімсі иістен демалуға мүкіндік болмай кетті.

Тұрғындар экологтар мен шенеуніктерге арыз жазып, ақыры ол ұңғыманы жаптырған. Енді 20 жылдан аса уақыт өткенде қайта қоғамдық тыңдау ұйымдастырып, қара алтын өндіруді жоспарлап отыр екен. Ең жақын орналасқан ұңғыманың ауылмен арасы небәрі бір шақырым. Жергілікті жұрт ұңғыманың қайта іске қосылғанына үзілді-кесілді қарсы.

Ержігіт Бәкиев, заңгер:

– Сендердің зауыттарың биік қырда орналасқан. Ауыл төменде. Ұңғымадан от үш күн жанады, қалған күндері сөніп тұрады дейсіңдер. Сонда үш күн бойы халықты уламақсыңдар ма? Қоғамдық тыңдауға келген мұнайшылар тұрғындарды барынша көндірмек болды. Қара алтын қоры бар ма, жоқ па, алдымен соны зерттеуге мүмкіндік берілсе деп отыр. Ол үшін бәрібір ұңғыманы іске қосып, ауаға бөлінетін газды жағу керек.

Дәмір Бастаубаев, «Позитив инвест» ЖШС президенті:

– Біз озық үлгідегі жаңа технология қолданатын боламыз. Ешқандай қауіп болмайды. Тұрғындармен бірлесе жұмыс істеп, егер қандайда бір кесіріміз тиіп жатса, бірден ұңғыманы жауып тастай аламыз.

Тұрғындар мұнайшылармен мәміле жасағысы келмейді. Бұрын осы ұңғымадан аузымыз күйген деп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-14
Утром-7.66 ℃
Днем-9.45 ℃
Вечером-8.39 ℃
Ночью-9.48 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.41 м/с
2024-12-15
Утром-10.13 ℃
Днем-6.28 ℃
Вечером-5.18 ℃
Ночью-4.05 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра8.26 м/с