Босанған әйелді сәбиімен бірге емделуге шипажайға жатқызатын «Ана мен бала» орталығы құрылады

Қазақстанда тиісті бөлімшелер мен қаржыландырудың жоқтығынан ауыр босанған әйелдерді оңалту деңгейі төмен.

Сурет ашық дереккөзден

НҚА порталында жарияланған ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында әйелдердің 17 пайызы босанғаннан кейін депрессияға түсетіні жазылған. Осы орайда босанғаннан кейінгі әйелдерді балаларымен санаторлық-курорттық емдеуге жатқызу үшін «Ана мен бала» орталығы ұйымдастырылады.

«Көп әйел үшін босану өмірдің жаңа кезеңінің басталуы ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін маңызды сынақ. Баланы асқынусыз босанса да, ананың ағзасы қайта толық қалпына келуі керек. Әйелдердің 17 пайызы босанғаннан кейін депрессияға түседі. Сондықтан ауыр босанған науқастарға психологиялық қолдау көрсету керек. Алайда елімізде ауыр босанған әйелдерді оңалту деңгейі тиісті бөлімшелер мен қаржыландырудың жоқтығынан төмен болып отыр», – деп жазылған тұжырымдамада.

Жүктілікті жоспарлау кезінде әйелдердің хабардар болмағандықтан, алдыңғы және кейінгі босану арасындағы интервал (интергенетикалық интервал) сақталмайды. Ана мен баланың денсаулығын сақтау мүддесінде интергенетикалық интервал кем дегенде 24+9 ай болуы керек. Сондай-ақ, күрделі және операция арқылы босанғаннан кейін де интергентикалық интервал ұзақтығын сақтамайды.

«Босану арасындағы интервал сақтаудың жалғыз жолы – ұтымды контрацепция. Қазақстанда халықты тегін контрацептивтермен қамтамасыз ету көзделмеген. Соған байланысты босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдердің басым бөлігінің отбасын жоспарлау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр», – делінген құжатта.

Сондай-ақ, жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерді балаларымен санаторлық-курорттық емдеуге жатқызу үшін «Ана мен бала» орталығы ұйымдастырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с