Қазақстандағы ЮНИСЕФ: Ауылдағы әрбір екінші мектепте қол жуатын жылы су жоқ

11-15 жас аралығындағы балалардың 42,6 пайызы энергетикалық сусындар ішеді.

Сурет ашық дереккөзден

Қазақстандағы ЮНИСЕФ зерттеуінше, әрбір екінші ауылдық және әрбір төртінші қала мектептерінде қол жууға арналған жылы су жоқ. Мектептердің шамамен 40 пайызында қолды кептіретін қондырғылар жоқ. Бұл туралы НҚА порталындағы «Ана мен бала» денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдамада» жазылды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДҰО) 2020 жылы COSI ұлттық зерттеуін жүргізді. Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы әрбір бесінші оқушының артық салмағы бар, оның ішінде семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар 5 пайызында салмағы нормаға жетпейді. Ал балалардың 2 пайызында бойы жай өседі», – деп жазылған тұжырымдамада.

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану әдеттері мен физикалық белсенділігінде оң өзгерістер бар. 6-9 жас аралығындағы балалардың 74,5 пайызы күн сайын таңғы ас ішеді. Кіші жастағы оқушылардың көпшілігі физикалық белсенді. Жасөспірімдердің тек төрттен бірі күнде жеміс-жидек жейді және жоғары сынып оқушыларының үштен бірі дене жаттығуымен айналысады.

«HBSC-Қазақстан 2022 зерттеуінің нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің гиподинамия көрсеткіштері өсіп келеді. Мектеп оқушыларының жартысы (51,3%) ұзақ уақыт компьютер және автомат ойындар ойнайды. Балалардың үштен бірінен астамы (37%) телефон және планштетте видео қарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, экран уақыты күніне 2 сағаттан аспауы керек. Алайда балалар мұны ескере бермейді. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануына сыртқы орта, ата-аналарының өмір салты үлкен әсер ететінін ұмытпаған жөн», – делінген құжатта.

Жасөспірімдер мен жастар энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынады. 2022 жылы ҚДҰ жүргізген HBSC зерттеуінде 11-15 жас аралығындағы балалардың 42,6 пайызының энергетикалық сусындар ішетіні, бұл ретте әрбір бесінші оқушы апта сайын, ал балалардың 3 пайызы күн сайын соған ұқсас сусындар ішетіні анықталды.

11-15 жас аралығындағы балалардың 6 пайызы темекі шегіп көрген. Ал 10 пайызы вейптерді, яғни электронды темекілерді тұтынып көрген және олардың 6 пайызы бұл әдетті тастамаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с