БҚО-да қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде: Орал мен Ақсайдағы ауа райы болжамы
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 12 мамырда ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз өңірімізде бұршақ жауады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз батыс, солтүстік аумақта найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі.
12 мамырда түнде:+8+10 °C. Бұлтты, жаңбыр, найзағай. Желдің жылдамдығы:9-14, екпіні 18 м/с
Күндiз:+15+17 °C. Бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ.
13 мамыр түнде:+3+5 °C. Бұлтты, жаңбыр, найзағай. Желдің жылдамдығы:9-14, екпіні 18 м/с
Күндiз:+15+17 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
14 мамыр түнде:+5+7 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы: 9-14 м/с Күндiз:+16+18 °C. Көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Бүгін, Орал қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндізгі уақытта ауа температурасы +15 , +17 градус болады, түнде +8 …+10 градусқа дейін салқындайды. Жел секундына 14 метрге дейін жетеді.
