БҚО-да ресейлік компаниялардың бизнес ашуы көбейген
Осы жылдың тек төрт айында ғана 90 ресейлік кәсіпкер өз бизнесін аймаққа көшірген.

БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында өңірде өткен жылы 18 ірі жоба іске қосылғанын хабарлады. Ең үлкені-КПО б.в. компаниясының жобалары: крандар, клапандар, полиэтилен пленкаларын жасау. Биыл Орал мен облыс аудандарында 76,9 миллиард теңгеге 164 жоба пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, Жанна Бекқалиева өңірде кәсіпорындарды релокациялау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тек 2022 жылы облыста шетелдік капиталдың қатысуымен 540 кәсіпорын құрылды, оның 519 — ы ресейлік кәсіпорындар. Ал осы жылдың төрт айында өңірде шетелдік капиталдың қатысуымен 98 кәсіпорын ашылды, оның 90-ы ресейлік кәсіпорындар.
Олардың ішінде ең үлкені:
- Plycomuralsk ЖШС фанера өндіру компаниясы 45 жұмыс орнын құрумен 2,5 миллиард теңгеге,
- QazFanCom ЖШС терезе жақтауларын өндіру 40 жұмыс орны бар 500 миллион теңгеге,
- 200 миллион теңгеге «Экопласт Қарасай» ЖШС терезе төсеніштерін өндіру, онда 15 жұмыс орны құрылды.
Айта кету керек, биылғы жылдың маусым айында бигбэг өндіретін Packaging Systems кәсіпорнын (оралған және сусымалы құрылыс материалдарын, кенді, көкөністерді, жемістерді және басқа да азық — түлік өнімдерін өлшеп орауға арналған жұмсақ контейнерлер) пайдалануға беру жоспарлануда. Жобаның құны 1,4 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі таңда компания Орал механикалық зауытының аумағындағы алаңды жалға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресейлік бизнесмендер 2022 жылдың басынан бері БҚО-да 115 өз кәсіпорнын тіркеді
Санкциядан қашып, Қазақстанға қоныс аударған ресейлік компаниялар саны мыңнан асты
Смайылов қандай шетелдік компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті екенін айтты
