БҚО су айдындарында өткен жылы алты бала суға кеткен
2022 жылдың суға шомылу маусымында 15 адам суға батып кетті.

Су айдындарында балалардың қауіпсіздік мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады.
Соңғы 5 жылда облыс бойынша 102 адам суға батып кетті, оның ішінде 28-і — бала.
Айта кетейік, 2022 жылы шомылу маусымында 15 адам суға батып кетті
(2021 ж – 24, 37,5% азайды), оның ішінде 6-ауы — кәмелетке толмаған бала (2021 ж – 8, 25% азайды).
Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері:
— тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу;
— мас күйінде шомылу;
— жүзе алмау;
— балаларды қараусыз қалдыру.
Балалардың өмірі мен денсаулығына ересектер жауап береді, ең алдымен біздер, ата-аналар жазғы кезеңде балаларға қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Ата-аналар ең бірінші кезекте – ешбір жағдайда баланы қараусыз қалдырмау керек екенін есте ұстауы қажет.

Жазатайым жағдайды болдырмау үшін, тыйым салынады:
— «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
— жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден асып жүзуге;
— шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына қарсы жүзуге;
— суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
— жалған дабыл айқайларын беруге;
— мас және есірткіге елтіген күйде суға шомылуға;
— тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
— жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
— балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, төтенше жағдайға тап болсаңыз №112 нөміріне хабарласыңыз.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау ҚР Құқық бұзушылық әкімшілігі кодексінің 412-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға 7 АЕК (24 150 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
