Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлекселері табылды

Каспий жағалауынан ондаған итбалықтың ұшасы табылып, арнайы жұмыс тобы құрылды.

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұмыс тобына Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен Гидробиология және экология институтының, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, облыстық экология департаментінің, Қазгидрометтің және ЖАО-ның өкілдері кірді.

Экология министрлігінің мәліметінше, 12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Гидробиология және экология институтының, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.

«Табылған теңіз жануарларының өлімге ұшырағандарының көпшілігі бекіре балық түрлерінің де қатты ыдырау және шіру сатысында болғандықтан, сынама алу мүмкін болмады. Бұл ретте Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері өлімге ұшыраған итбалық ұшаларынан сынама алу мүмкін болған бір данасынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзаларын (бауыр, өкпе), ал гидробиология және экология институты тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тістері мен тырнақтарын, жүнін алды», делінген хабарламада.

Бұдан басқа, аталған дерек 2023 жылғы 12 мамырда Маңғыстау облысы Түбқараған ауданының полиция бөлімі СДТБТ-да № 234752030300589 болып тіркелді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Каспий теңізінде итбалық пен бекіре қырылып жатыр: министрлік түсінік берді

140 итбалықты қынадай қырған не – министрліктің болжамы

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр ма? Министрлік түсінік берді

Каспий жағалауында итбалықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром21.85 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с