Жұмыстан айырылу төлеміне өтінішті телефон қосымшасы арқылы беруге болады

Бұл төлемді азаматтар 1 айдан 6 айға дейін ала алады.

Екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы жұмысынан айырылу бойынша төлемге өтінім беруге болады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл төлемді азаматтар 1 айдан 6 айға дейін ала алады. Бұған дейін аталған өтінішті Enbek.kz электрондық еңбек биржасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Электронды үкімет» порталы арқылы беретін. Енді оны Halyk мобильді қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы бере алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі – ЕДБ) азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруда.

«Азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс әр түрлі платформаларда тұрақты жүргізілуде. ЕДБ арқылы біздің алғашқы қызметтеріміз 2021 жылы қол жетімді болды. Олар «Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» және «Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау». 2022 жылы бұл тізім тағы 4 қызметке кеңейді. Жұмысынан айырылу бойынша өтінім беру – биылғы жылы іске асырылған екінші қызмет», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сервисті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақстан Халық банкі» АҚ іске асырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром22.7 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с