Бақытжан Базарбек: 30 жылда ауылдағы жерлер қолды болып кетті

Мәжіліс депутаты жер саласындағы олигархтар мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді ұсынды.

Сурет ашық дереккөзден

Премьер-министр орынбасары Жумангаринге, Бас Прокурор Асылов пен Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу Агенттігі төрағасына депутаттық сауал жолдаймын. Бізге жер реформасын бастау керек. Жер реформасынын негізгі бағыты болып жер саласындағы олигополиядан шынайы арылу керек, жер саласындағы монополиялардың қалыптасуына құқықтық жолмен тойтарыс беруіміз қажет. 30 жыл бойы көрінгендер қолында ауылдың жерлері қолды болып кеткен. Екі ортада сыбайластық жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің мүддесі. Сондыктан да, алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет, — деді Бақытжан Базарбек.

Осыдан кейін депутат жер саласындағы кәсіби сарапшы ретінде келесі шешімдерді ұсынды:

Біріншіден, жер кадастрін ашықтығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің аты жөндерін ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Мыңдаған, миллиондаған жерлердің иелерін, біз, Қазакстан халқы білу қажет.

Екіншіден, Жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, дербес, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес Жер ресурстарын басқару Агенттігін құру қажет.

Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастрін бір қолға беру қажет, яғни Цифрлық даму министрлігінен жер ресурстарын басқару Агенттігіне беру қажет.

Төртіншіден, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, сонымен қатар, жерді тәркілеу шарасын олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атында рәсімделген жерлерге тарату кажет.

Бесіншіден, Казахмыс корпорациясы, Арселор Миттал Темиртау, ТенгизШевройл, Карашыганак сияқты ірі компаниялардың жер қойнауы контрактілері мен жекешелендіру шарттарын жариялауымыз қажет.

Алтыншы, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін ЕГКН электрондық Порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жермен жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді буғаттау және бас тарту жүйесін енгізу.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с