Орал қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің мәлім еткеніндей, мұның негізгі себебі – Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің үштен бір бөлігінің қысқа дайын болмау қаупі туындап отыр.

«ОА» мұрағатынан

Оның айтуынша, аталмыш шағынауданда үш бу қазандығы болса, соның біреуі – №3 қазандық апатты деп танылып отыр.

Бұл қазандық 18 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Онда 3 мыңнан астам адам тұрады.

«Осы жұмыстарды жүргізу кезінде аталған көпқабатты тұрғын үйлерде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Сметалық құжаттама жасалып, барлық шығындар есептеледі. Жуырда мердігер мекеме анықталады. Төтенше жағдай жариялануына байланысты келісімшарт бір көзден жасалады. Жылу жүйелерімен айналысатын, коммуналдық бағытта жұмыс атқаратын үш-төрт әлеуетті мекемемен келіссөз жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмысты 15 қыркүйекке дейін бітіру көзделуде. Шамамен бұл мақсатқа резервтік қордан 500-600 млн-дай қаржы бөлінеді. Қаражат көлемі өзгеруі мүмкін», деді Ж.Дүйсенғалиев.

Оның түсіндіруінше, М.Мөңкеұлы шағынауданында құрылыс 2010 жылы басталып, үш жылдан кейін болат жылу құбырлары салынған.

Осы уақыт ішінде судың жиналуына байланысты құбыр тоттанып, тозған. Сондықтан құбырларда апатты жағдай жиілеп кетті.

Сол себепті 2500 погон метр құбыр жаңасымен ауыстырылады. Бұл жерде құбырларды су баспау жағы қарастырылады.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром13.29 ℃
Днем20.04 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с