«Жазда жылдағыдан ыстық болады». Смайылов қорықтарға өртті ерте анықтау жүйесін енгізуді тапсырды

Қазгидрометтің болжамы бойынша биыл жаз жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады.

«ОА» мұрағатынан

Қазақстанның батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

«Сондықтан, төтенше жағдайлардың алдын-алуға баса көңіл бөлу керек. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өткен аптада Қазақстанның солтүстігінде және Ресейдің шекаралас аймақтарында болған өрттің түтіні Елордаға дейін жетті. Ал табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр. Біз мұның қайғылы жағдайларға әкеліп соғатынын көріп отырмыз», – деді Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыз: Оралда 70 гектар аумақты шарпыған құрғақ шөп өрті сөндірілді

Сонымен қатар премьер-министр күн жылына бастағаннан бері елімізде 120-дан астам табиғи өрт оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, олар көп жағдайда адамдардың кінәсінен болады.

«Тіпті, елді-мекендерге іргелес аумақтар мен алқаптардан басталған өрт тұрғын үйлерге ауысып, адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Биыл осындай 14 жағдай тіркелді. Бұл – бірінші кезекте, өрт қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті органдар мен жедел әрекет етуі тиіс төтенше жағдай қызметтері мен әкімдіктердің жұмысындағы кемшілік. Сондықтан өрттен қорғайтын белдеулерді жырту, іргелес аумақтарды қураған шөптерден тазарту сияқты жұмыстарды тез арада жүргізу керек», – деді үкімет басшысы.

ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: БҚО орман шаруашылығында өрттерді сөндіру және алдын алу техникасы жетіспейді

Оралда от жаққандар айыппұл төледі

Орал қаласында құрғақ шөптің өртенуіне байланысты жедел штаб құрылды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.52 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с