Қазақстанда бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі

Қазақстанда бір қызметті жеті жылдан аса атқарып отырғандардың бәрі тексеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Сурет ашық дереккөзден

Жетісу облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша жиналыс өткізген министр, енді бір қызметте 7 жылдан аса отырған директорлар түгелдей тексерілетінін айтты. Өйткені бір қызметте ұзақ жылдар бойы отыру жемқорлық тәуекелдерін арттыратын көрінеді.

“Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізуде. Мұндағы алдын ала алынған мәліметтер бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды», – деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резерві қалыптастырылмақ.

“Білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады», – деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

10 + fourteen =

x
2024-02-23
Утром-25.46 ℃
Днем-13.94 ℃
Вечером-15.72 ℃
Ночью-22.83 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра2.35 м/с
2024-02-24
Утром-24.19 ℃
Днем-13.64 ℃
Вечером-16.08 ℃
Ночью-20.56 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра2.74 м/с