Жылдамдық асыратын жүргізушілерге қарсы жаңа жүйе енгізіліп жатыр

Елімізде видеоталдау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Сурет ашық дереккөзден

«Бүгінде ондаған, тіпті жүздеген мың видеокамера бар және олардың әрқайсысындағы ақпаратты талдау мүмкін емес. Сондықтан да видеоталдау жүйесі болуы қажет. Бүгінде ол ІІМ Жедел бақылау орталығының базасында құрылып жатыр. Ол қаншалықты нақты болған сайын, құқықтық тәртіптің жақсаруы да соншалықты тиімді бола түседі. 10 мониторды қадағалап отырған адамның жұмыс тиімділігі 15 минуттан кейін 10 пайызға дейін құлдырайтындығы дәлелденген», – деді министр «Жасанды интеллект және сот пен құқық қорғау жүйесіндегі үлкен деректер: шындық және уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

Оның атап өтуінше, сондықтан да видеоталдау жүйесі біздің күнделікті өмірімізге міндетті түрде енгізілуі керек.

«Жол полицияларына айыппұл жазып беру үшін берілген қарапайым планшет превентивті талдау, превентивті жұмыс құралына айналуы тиіс. Адам 10 камера тұсынан сағатына 200 шақырыммен өтіп, айыппұл төлеген соң жөніне кете беретін жайттар жиі болады. Мұндай жайттың алдын алу үшін не істеу керек? Егер, адам 3-4 камера тұсынан өте жоғары жылдамдықпен өтсе, онда сол жерде тұрған жасақтан ақпарат бірден планшетке түсуі тиіс. Автомобиль қандай көше қиылысында болатындығы көрсетіліп, келесі жасақ оны тоқтатуы қажет. Қазірдің өзінде ІІМ-мен мұндай әзірлемені сынақтан өткізіп жатырмыз және ол өзін оң жағынан көрсетіп отыр», – деді Бағдат Мусин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

sixteen + 10 =

x
2023-05-29
Утром19.92 ℃
Днем30.35 ℃
Вечером33.65 ℃
Ночью23.73 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.81 м/с
2023-05-30
Утром22.66 ℃
Днем25.04 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью27.86 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра9.45 м/с