БҚО-да борышкерлердің көлігін айып тұрағына жібермекші

Ертең өңірде «Борышкер» ЖПІШ «(жедел-профилактикалық іс-шарасы) басталады.

Сурет ашық дереккөзден

БҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 718 млн теңгеге 61 685 салынды, оның 501 млн теңгесі немесе 69,8% өндірілді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 200 млн теңгеден астам сомаға 13 мыңнан астам айыппұл өндірілмеген күйінде қалып отыр.

— Жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 22-25 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында «Борышкер»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады. Іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Айыппұл төлемейтін қасақана құқық бұзушыларға қатысты автокөліктерді мамандандырылған тұраққа орналастыру бойынша шаралар қабылданатын болады, — деп хабарлады ведомстводан.

Сіз төмендегі порталдарда айыппұлдардың бар жоғын тексере аласыз:

— Қазақстанның электрондық үкіметі (egov.kz);

— Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сайты (qamqor.gov.kz);

— Қазпошта сайты (post.kz);

-сондай-ақ банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында.

Айыппұл төлеуді екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» филиалдары арқылы не онлайн-банкингтің мобильді қосымшасында жүргізуге болады, бұл ретте «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» (ӘҚББТ) жүйесіне автоматты интеграциялау үшін төлем жүргізілетін хаттаманың нөмірін көрсету қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с