Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды

Жыл басынан бері бұл қызмет түріне 3511 өтініш түскен.

Сурет ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі сайтында қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деп күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімі жарияланды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған.

«Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты. Өз қаражатын инвестициялағысы келген әрбір азамат компанияны осы тізім арқылы тексере алады. Сондай-ақ, @BAIQApiramidaBOT ҚМА телеграм ботын пайдалана алады» – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері бұл қызмет түріне 3511 өтініш түскен. Қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шеккен азаматтар агенттіктің саll-орталығына хабарласа алады.

Агенттік халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером20.75 ℃
Ночью18.71 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с