«Ауданға сыймай қалдық». БҚО-да мектеп оқушылары әр мекемеде білім алуға мәжбүр

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауылында мектеп оқушылары бөлініп, әр жерде білім алып жүр.

Фото: Видеодан алынған кадр

Мұндағы екі мектептің бірі бес жыл бұрын апатты деп танылса, екіншісі былтыр көктемде жөндеуге жабылған. Құрылыс уақытында бітер емес, ал балалар түрлі мекемені сағалауға мәжбүр.

«Біз бұрын «Жиһазда» оқыған едік. Сосын ауданға бардық. Сосын ауданға сыймай қалдық. Сосын Мәдениет үйіне келдік», – дейді оқушы Санжар Төлегенов.

Казталовтағы Алма Оразбаева атындағы мектеп 2017 жылы апатты деп танылды, 2018-де жабылды. Содан бері балалардың басым бөлігі ауылдағы екінші мектепте білім алса, ол лицейді де былтыр көктемде жөндеуді бастаған. Қарашада бітеді деген құрылыс әлі жүріп жатыр. Ал оқушылар бөлініп, әр жерде оқиды.

«Кітапхана, лицей жанындағы мектеп-интернатта, саз мектебінде, балалар орталығында, жастар ресурстық орталығында, AMANAT партиясында, Мәдениет үйінде, білім бөлімі ғимаратында және экономика және қаржы бөлімінің ғимаратында білім алып жатыр», – дейді Казталов аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Жасқалиев.

Мұғалімдер мекемелер арасында сабақ беруге мәжбүр. 

«Мектепте оқыған күшті. Өйткені клубта әртүрлі билер, концерттердің дауыстары шығып тұрады. Содан сабақ оқуға кедергі болады. Ал мектепте ондай дауыстар шықпайды», – дейді мектеп оқушысы Айнара Ерғали. 

Аудан орталығындағы жаңа мектеп құрылысы 2020 жылы басталды. 2021-де тапсырылуға тиіс еді. Аудан әкімдігі мердігерді кінәласа, мердігер жобаның шикілігін айтады. Себебі сметада ғимаратты ұстап тұратын тірек-бағандар мен арқалықтар мүлде жоқ. 330 шақырым жерге материал тасымалы да салынбаған. Соның салдарынан мердігер 340 миллион теңге шығынға батқан.

«Колоннасыз ғимарат тұрмайды. Біріншіден, көп ақшаның бәрі соған байланысты жұмыстар тоқтатылды. Ең бірінші, мына жерде қиындық бізге түседі ғой. Сосын келісу болады авторлық қадағалау, техникалық қадағалау, бәріміз келісеміз», – дейді учаске бастығы Амангелді Тебілов. 

Жобадағы кемшіліктерге және 2021 жылы материалдар қымбаттауына байланысты былтыр құрылыс тоқтап, тиісті түзетулер енгізілген. Бастапқы 2 миллиард 86 миллионға тағы 700 миллион теңге қосылған. 

«Жобаға түзету жасау үшін мемлекеттік сараптамаға кірген болатынбыз. Сол кезден бастап материалдар қымбаттағасын, кемшіліктер болғасын жоба тоқтатылды. Қазір қайтып жұмыстар жалғасып жатыр. Ақшасы қарастырылып отыр», – деді БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев.

Мамандардың айтуынша, жобадағы шикіліктер құрылыста қол байлайды. Бүгінде жобалауды төмен баға берген кез келгеннің ұтып алатыны, қалай-солай жасалған жобаның мемлекеттік сараптамадан өзгеріссіз өте шығатыны жасырын емес. Ол үшін не жобалаушы, не сарапшы жазаланбайды. Заңдағы кемшіліктің бірі – осы.

«Сарапшылар үлгермеуінен болуы мүмкін немесе жобаның көптігінен болуы мүмкін. Неліктен олай шыққанын айта алмаймыз. Бүгін мектеп құрылысы қайта жанданыпты. Барлық жұмыстың 90 пайызы атқарылған. Құрылысшылар казталовтық шәкірттер жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алады деп сендірді», – деді БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев.

Дереккөз: «Хабар 24»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО Казталов ауданында мектеп салу кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаларға 1,4 млн теңге айыппұл салынды

БҚО бойынша мемлекеттік аудит: Казталовкада мектеп салу кезінде мердігер орындалмаған жұмыстары үшін 60,9 млн теңге алған

БҚО-да мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзудың 23 фактісі анықталған

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером20.75 ℃
Ночью18.71 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с