«Тұрғындар айлап сусыз қалуда»: БҚО әкімдігі  су тазарту модульдеріне қаражатты толық көлемде қарастырмаған

Құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындар айлар бойы сусыз қалып отыр.

Фото: primeminister.kz

Сенбі, 20 мамыр күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді. Онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты республиканың әрбір елді мекенін қамтитын тиісті жоспар әзірленді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысына мониторинг жүргізіледі.

Топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарының барысы туралы Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев баяндады. Қостанай облысының әкімі – Құмар Ақсақалов, Түркістан облысының әкімі – Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі – Нариман Төреғалиев өңірлерде атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтып жатыр. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80%-ға жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады, — деді Әлихан Смайылов.

«Бұлар биыл халықтан ресми түрде келіп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана», — деп атап өтті премьер-министр.

Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты. Атап айтқанда, Абай, Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында жобалау құжаттары әзірленбеген. Сондай-ақ 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов ауыз су бойынша «сақалды құрылыстардың» барлығын тездетіп аяқтау мәселесін пысықтауды, өңірлер әкімдіктері келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-17
Утром-9 ℃
Днем-5.9 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-3.36 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.91 м/с
2025-12-18
Утром-2.27 ℃
Днем-0.19 ℃
Вечером-0.03 ℃
Ночью0.21 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.14 м/с