БҚО-да 254 түлек — «Алтын белгіге» үміткер

Биыл Батыс Қазақстан облысында өңірде 5 786 оқушы мектеп бітіріп, өмір жолына аттанбақ. Түлектердің 254-і «Алтын белгіден», 248-і үздік аттестат алудан үміткер. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева айтты.

«ОА» мұрағатынан

Айгүл Әділгерейқызының айтуынша, биыл 9 834 оқушы 9-сыныпты тәмамдайды. Соның 804-і – үздік аттестаттан үміткер. Өңірде 9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихан 2-13 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында болады.

Облыс бойынша түлектерге жалпы орта білім беру туралы аттестат өз мектептерінің қабырғасында 22 маусымда тапсырылады. Батыс Қазақстанда 379 мектеп бар, оның 64-і облыс орталығында орналасқан. Өңірде барлығы 118 мыңнан астам оқушы (61,4 мыңы Орал қаласында) білім алады.

Басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім еткендей, ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 31 мамырда аяқталады. Сол күні барлық мектепе бекітілген кестеге сәйкес сабақтарын жүргізеді. Министрлік оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізуді ұсынады. Сынып сағаттарын, салтанатты жиын, аттестат тапсыру шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс-шараны өткізуге аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, ата-аналардан мектеп әкімшілігіне, педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады.

«1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» іс- шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес форумдар, концерттік бағдарламалар, акциялар, экспедициялар, челлендждер, байқаулар т.б. әр түрлі сипаттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде облыс әкімінің қатысуымен «Ақжайық жас дарыны – 2023» облыстық форумы, «Бар жақсылық — балаға» мерекелік шарасы, «AQJAIYQ FEST» этнофестивалін өткізу жоспарлануда», деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бойынша қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады. Колледждерді биыл 5 мыңнан астам түлек аяқтайды. Қазіргі таңда студенттер жыл қорытындысы бойынша оқу сессиясын тапсыруда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

19 + 12 =

x
2024-02-29
Утром-17.76 ℃
Днем-5.55 ℃
Вечером-8.24 ℃
Ночью-12.96 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра1.45 м/с
2024-03-01
Утром-14.23 ℃
Днем-3.92 ℃
Вечером-7.31 ℃
Ночью-11.95 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра1.19 м/с