Қайтыс болған адамның қарызын туыстары төлеуге міндетті ме – Мамандар түсіндірді

Банк алдында берешектердің саны миллионнан асады. Несие алған адам қайтыс болған кезде оның қарызын кім өтейтінін көпшілік біле бермейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Заңгердың айтуынша, қайтыс болған адамның қарызын туыстары төлеуге міндетті емес. Тек мұрагерлер ғана өтейді.

«Егер қайтыс болған адамның артында нотариус арқылы мұрагерлер бар екені анықталса, оның қарызын мұрагерлер міндетті түрде төлейді. Мұндай жағдайда екінші деңгейлі банкке хабарлау керек. Мұраны қабылдағаннан бастап баласы не мұрагері қарыздарын бірте-бірте төлеген жөн”, – деді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Қоғам қайраткері Нұржан Биякаев заңнамада қайтыс болған адамның жақындары оның қарызын өтеуі керек деген жоқ екенін айтады. Тек мұрагерлік етіп тастаған нәрсені қабылдаса ғана қарызы мойнына өтеді дейді.

“Мұрагерлікті қабылдаса, барлық қарызы соған өтеді. Бірақ мұрагер осал топқа жатса, атаулы көмек алып немесе ерекше қажеттіліктері болса, оған жеңілдік қарастырылған”, – деді қоғам қайраткері.

Мұрагер кәмелетке толмаса да, оны қабылдай алады. Ондай кезде баланың анасы, әкесі немесе заңды өкілі қарызды өтейді.

Депутат Ерлан Саиров ешкімі жоқ адамдардың қарызы не болатынын түсіндірді.
“Мұрагері де, туысы да жоқ немесе анасы зейнеткер болса, ондай кезде оны
банкротқа жіберу керек. Отбасы мұндай жағдайда қаржы ұйымына өтініш жасайды”, – деді депутат.

Мамандар қарызды мүмкіндігінше тез төлеуге кеңес берді. Себебі қарыз пайызы арта береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с