БҚО-да «Ақсай жолынның» ең бұзылған бөліктерін жөндеу жұмыстары кешіктірілуде

Қазіргі уақытта «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолында тек екі учаскеде жұмыс басталды. Ең көп бүлінген екі учаске бойынша-36-дан 108 шақырымға дейін жұмыс басталған жоқ- себебі олар БҚО әкімдігінің балансына әлі берілмеген.
«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» трассасының «36-72 км» және «72-108 км» учаскелері бойынша мердігерлерді анықтау бойынша конкурстар әлі өткізілген жоқ, — деп хабарлады БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Бұл учаскелер жергілікті атқарушы органның, яғни БҚО әкімдігінің теңгеріміне әлі берілмеген деген басқарманың жауабында.
Оларды тапсыру рәсімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарлануда, содан кейін жобаны іске асыру басталады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ БҚО бойынша филиалында қазір құқық белгілейтін құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлады.
-Жерге орналастыру құжаттары ХҚКО-ға тапсырылды, бұдан әрі тұрақты жер пайдалану құқығына актілер дайындалатын болады. Актілер дайын болғандықтан, облыс әкімдігінің қаулысымен және автомобиль жолдары комитетінің бұйрығымен бұл учаскелер БҚО әкімдігіне, бұдан әрі КПО б.в. балансына берілетін болады, — деп хабарлады Ұлттық компания филиалында.
Жобаны КПО б. в. компаниясы өзінің әлеуметтік міндеттемелері есебінен қаржыландырады. Компания мердігерлерді анықтау бойынша конкурс өткізеді.
Жобаның жалпы құны-75 миллиард теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған жобаларды іске асыру кезеңі: 2022 – 2025 жж.
— Шартқа сәйкес автожол пайдалануға берілгеннен кейінгі кепілдік мерзімі бес жылды құрайды, — деді БҚО автожолдар басқармасының басшысы Айдар Менеев.

Қазіргі уақытта екі мердігер компания «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы»трассасын қайта құру жұмыстарын бастады. «Казкомсервис» компаниясы «0-36 км» учаскесінде, (Жол Құрылыс Компаниясы)»ЖҚК Приоритет» ЖШС «108-144″учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.
Айтпақшы, «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» жолы өткен ғасырдың 70-ші жылдарында, Кеңес Одағы кезінде салынған. Қазір ол жолмен күніне үш мыңнан астам автомобиль өтеді.
Талғат Омаров
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:«Ақсайдың шұрық – тесік жолы әбден қажытты»: БҚО тұрғындары жолға шағымданды
Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы жолын қайта жаңартуға қажетті соманың 10% бөлінді
БҚО-дағы Ақсай тас жолының 36 шақырымын жөндеуге 20,4 млрд теңге бөлінді
Ақсай жолы шұңқырларды жөндеуден кейін жақсарды-Оралдағы «ҚазАвтоЖол» филиалының бастығы
