Бірыңғай жиынтық төлем төлеп келген қазақстандықтар таңдау жасауы керек – Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі мәліметінше, бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, табысы жылына 4 миллион теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін уақытша енгізілген.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір жеке тұлғалардың кірістері туралы декларацияны кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр. 2024 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық азамат: жеке кәсіпкерлер, директорлар, ЖШС құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыруға міндетті. Сондықтан, бұрын кәсіпкерлік қызметін тіркемеген азаматтар таңдау жасауы керек: кәсіпкер болу немесе қызметкер болу«, – деді министрлік Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Кейіннен бұл азаматтардың табысы салық декларациясында немесе жұмыс берушілерден түскен ақпаратта көрсетілуі тиіс, дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейтін бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жаңа құқықтық режимі енгізілген болатын.

Ол табысы жеке кәсіпкерлердікінен төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Басқа тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар ғана ЮЖТ төлей алады. Егер тұлға заңды тұлғаларға қызмет көрсетсе, онда салықты толық төлеуге тура келеді.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-20
Утром16.1 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером32.29 ℃
Ночью23.73 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.25 м/с
2025-07-21
Утром22.27 ℃
Днем36.46 ℃
Вечером28.98 ℃
Ночью29.71 ℃
Влажность20 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра11.31 м/с