Көлгіновтың БҚО-дағы кадр мәселесіне араласып отырғаны рас па

Бұл сұрақ бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Батыс Қазақтан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке қойылды. Әкімнен журналист сонымен қатар «Төреғалиев неліктен біліксіз кадрларды қызметке қойып жатыр?» деген сұрағына жауап берді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Маған да мұндай сұрақтарды қойған. Біріншіден, Алтай Сейдірұлы, бұған дейін облысты басқарды, қала әкімі де болды. Енді өздеріңіз қараңыздар, облысты, қаланы басқарғаннан кейін барлық облыстағы халықпен тікелей байланыста болды. Бәрімен бірге қызмет етті. Мен онда облыстағы халықты немесе ондағы кадрларды барлығын айырбастауым керек. Бәрі сол жерде Алтай Сейдірұлымен жұмыс істеді», – дейді әкім.

Төреғалиевтің айтуынша, бұған дейін өңірді басқарған Бақтықожа Салахаддинұлы да, Нұрлан Асқарұлы да жергілікті кадрламен жұмыс істеген.

«Тәжірибесі жоқ кадрларды (қызметке) қойып жатыр деген сұраңызға жауап берейін. Олай емес. Біріншіден, қойылған кадрлардың бәрі де бізде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес арнайы квалификациялық талаптар бар. Мен бұл талаптарды ескермей, кадрды тағайындайын десем де маған тайындатпайды. Заңның аты заң. Сондықтан заң аясында осы талаптарға сәйкес келетін және тәжірибесі бар мамандар тағайындалды», – деді ол.

Әкімнің сөзінше, Алтай Сейдірұлының немесе басқа адамның араласуы деген қате пікір.

«Ешбір кадр тағайындауда, ешбір адам оған араласа алмайды. Оған мемлекеттік арнайы заңы бар. Болды. Кадрды мемлекеттік заң аясында тағайындаймыз. Облыс әкімі ретінде ол заңнан мен де аса алмаймын», – деді ол.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

7 + fifteen =

x
2023-05-29
Утром19.63 ℃
Днем30.76 ℃
Вечером32.71 ℃
Ночью23.66 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра8.67 м/с
2023-05-30
Утром22.28 ℃
Днем25.07 ℃
Вечером29.55 ℃
Ночью28.02 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра9.14 м/с