«Шешімі жоқ»: БҚО әкімі еліміздің батысындағы ақбөкендердің жағдайы туралы айтты
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еліміздің батысында миллионнан асқан ақбөкендердің жағдайы туралы пікір білдірді.

Астанада өткен брифинг барысында БҚО әкімі ақбөкендердің саны 1,5 миллионға жуық екенін айтты.
«Жақын күндері олардың нақты саны туралы болжам аяқталады. Мен шаруалардың алаңдаушылығын түсінемін. Барлық төрт Оңтүстік ауданды айналып өткен болатынмын. Тұрғындар ақбөкендердің шаруаларға қандай зиян тигізіп жатқанын айтты. Олар мәселені көтерген соң мен кездесуге экология министрлігінің өкілін шақырдым. Мамыр айында олардың көбеюі басталады. Сол кезде сарапшылар мен ғалымдарды шақырдым. Олар өз көздерімен олардың саны орасан зор екенін көрді», – деді өңір басшысы ОКҚ журналистерінің сұрағына жауап бере отырып.
Әкім Қазақстан CITES халықаралық конвенциясының (жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция) қатысушысы екенін айтты.
«Біз олардың санын реттеуге құқығымыз жоқ. Бүкіл әлемдегі ақбөкендердің 95 пайызы Қазақстанда. Бұл жойылып бара жатқан түрі. Біз қазір шаруалармен және тұрғындармен ортақ ымыраға келіп, шешімін табуымыз керек. Әзірге ешқандай оңды шешімі жоқ. Күзде мәселені Ташкентте халықаралық сарапшылар талқылайтын болады. Біз тек күтуіміз керек», – деп түйіндеді әкім.
Дереккөз: stan.kz
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО шаруалары киіктердің көбеюінен малға шөп тапшы бола ма деп алаңдап отыр
Киікті қорғаймыз ба әлде киіктен адамды қорғаймыз ба – депутат
БҚО-да киік санының артуына байланысты шаруалардан шағым көбейіп отыр
БҚО фермерлері киіктердің көбеюіне байланысты ТЖ режимін жариялауды сұрады (ВИДЕО)