Шаруаларға тыңайтқыш сатып алуға 7,5 млрд теңге берілді

Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер тыңайтқыштарды сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетуге 13 мыңнан астам өтінім берген.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, талап 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген агрохимиялық картограммалардың жоқтығына, сондай-ақ егіс алқаптарын цифрландырудағы қиындықтарға байланысты өтінімдердің үштен бір бөлігі қабылданбаған.

Айта кетейік, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбады. Мемлекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген агрохимиялық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды цифрландырудағы қиындықтар болды. Солтүстік аймақтармен салыстырғанда оңтүстікте шағын егістіктері бар фермерлер басым.

Бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 сәуірде жоғарыда аталған Қағидаларға агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау бойынша түзетулерді бекітті, сондай-ақ 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыруды енгізілді.

Белгіленген мерзімге дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет екенін атап өткен жөн. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен бірлесіп дайындап жатыр.

Сондай-ақ, субсидияларды алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субсидиялау тізбелері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі болды. Жергілікті атқарушы органдар нормативтерді тек наурыз айынан бастап, мамырға дейін бекіте бастады. Атап айтқанда, Атырау облысында қаулы осы күнге дейін қабылданған жоқ. Өңірлік әкімдіктің ақпараты бойынша құжат жақын арада бекітілетін болады.

Жалпы, тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдерді беру gosagro.kz порталы арқылы толық автоматтандырылған, деректерді «қолмен» енгізуге жол бермейді. Бұл мемлекеттік қолдау алу кезінде адами факторды болдырмайды, яғни бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын ел аумағынан шығаруға тыйым салынады

«Екі ортада шаруа қиналды». Сарапшы өтінім беретін порталдағы олқылықтарды тізіп берді

Батыс Қазақстанда 600 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с