«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Сонымен қатар дәрігер тағамды целлофанда, пластик ыдыста микротолқынды пеште жылытудың да зиян екенін баса айтты.

Көрнекі сурет

Отандық дәрігер ер адамның бойындағы тестостерон гормонының төмендеуінің бір себебі сусынды пластик бөтелкеден ішуге әуестенуде деген пікірде. Пластик ыдыстан су ішіп, тамақ жеудің салдарын эндокринолог Гүлнұр Мұратқанқызы «Еларна» телеарнасындағы «Жаңа қадам» бағдарламасында айтты.

Бағдарламаға қатысқан эндокринолог Гүлнұр Мұратқанқызының айтуынша, ер азаматтарға пластик бөтелке, пластик ыдыстардан тамақ ішуге әуестену, осындай ыдыстарды үнемі қолдану қауіпті.

Эндокринологтың сөзінше, пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады. Бұл әйел адамның эстроген гормонына өте ұқсас болып келеді.

«Ер адам күнде пластиктен су іше берсе, ксеноэстроген бөлініп, ол тестостерон гормонының орнына отырып алады. Ер азаматтарға соны айтуымыз керек.

Медицинада феминизация деген термин бар. Ер азаматтардың дене пішіні әйел адамға ұқсап бара жатқандығы. Бұған басты себеп – пластиктің көбеюі», – дейді Гүлнұр Мұратқанқызы.

Сонымен қатар дәрігер тағамды целлофанда, пластик ыдыста микротолқынды пеште жылытудың да зиян екенін баса айтты.

«Пластик целлофанға самсаны салып, микротолқынды пешке жылытамыз. Май пластиктен бөлінген бүкіл токсинді өзіне сорып алады. Ксеноэстроген ағзаға жинала береді. Бұл әйелдерде омырау безінің қатерлі ісіне әкеледі», – деді ол. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-09
Утром15.6 ℃
Днем17.25 ℃
Вечером16.3 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра4.8 м/с
2024-10-10
Утром11.48 ℃
Днем15.59 ℃
Вечером12.37 ℃
Ночью10.18 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра8.9 м/с