Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына өзінің зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін өзінің дербес таңдауы бойынша жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.

«Жинақтарды жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану салымшылардың тәуекелдерін әртараптандыруға, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады», деп жазады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомство өкілдерінің жазуынша, салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға аударған кезде оның жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару не Ұлттық банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайтару құқығы сақталады.

Мемлекет Ұлттық банктің басқаруындағы, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтар бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған ИБП жауапты болады.

«Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап тұрғын үй мен емге өз жинақтарын пайдалана алады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром14.16 ℃
Днем20.86 ℃
Вечером22.81 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.77 м/с
2025-05-18
Утром14.81 ℃
Днем22.7 ℃
Вечером23.25 ℃
Ночью17.75 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.09 м/с