Мұрагер қайтыс болған туысының зейнетақы жинақтарын қалай алады? БЖЗҚ жауабы

БЖЗҚ мұрагер қайтыс болған туысының зейнетақы жинақтарын қалай ала алатыны туралы айтты.

Сурет ашық дереккөзден

Қор пайдаланушылар үшін бұл сұрақ өзекті екенін атап өтті.

БЖЗҚ жауабында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, қор жеке зейнетақы шотының болуы туралы анықтама беретіні айтылған. Қор жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақша қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамаларды жазбаша өтініш бойынша мұрагерлерге заң бойынша немесе өсиетте көрсетілген мұраға құқығы туралы куәлікке сәйкес немесе соттарға олардың қарауындағы мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде, сондай-ақ нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге олардың қарауындағы сенімгерлік істер бойынша береді.

Сондай-ақ, өзара іс-қимылды оңтайландыру және уақытты үнемдеу, сондай-ақ «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің көмегімен артық қағаз құжат айналымын болдырмау үшін нотариустардың өздері БЖЗҚ-ға қайтыс болған салымшыларда (алушыларда) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының болуы туралы, ондағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы сұрау салуларды онлайн жібере алады.

«Марқұмның жинақталған зейнетақы қаражаты түріндегі мұралық мүлкін нотариусқа тіркеген кезде мұрагерге оның зейнетақы шотында бар сома туралы БЖЗҚ-ға сұрау салудың қажеті жоқ», – деп нақтылады зейнетақы қоры.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром13.69 ℃
Днем24.51 ℃
Вечером23.86 ℃
Ночью17.2 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра5.97 м/с
2024-09-16
Утром15.03 ℃
Днем24.81 ℃
Вечером24 ℃
Ночью18.94 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра8.14 м/с