Оралда балаларды қорғау күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Оралда 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай 50-ден астам іс-шара өтеді.

«ОА» мұрағатынан

30 мамыр күні сағат 18.00-де «Атамекен» өнер ордасында «Арман мен шабыт әлемі» атты эстестикалық бағыттағы мектеп-гимназия оқушыларының есеп беру концерті өтеді.

1 маусым күні сағат 11.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Әлем балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу ұйымдастыралады.

Мереке күні сағат 10.00-де Шабыт орталығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап акция өткізіледі.

Дәл осы күні сағат 10.30-дан бастап Тұңғыш Президент алаңында «Балалардың игілігі үшін» деген атаумен мерекелік концерт пен шеберлік сағаттары, ал 11.00-ден 12.00-ге дейін өрт және авариялық құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі өтеді.

1 маусым сағат 12.00-де Арқанды саябақта туризм техникасынан қалалық жарыс болады.

1 маусым күні сағат 15.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы амфитеатрда «Егіз-лебіз» атты егіздер арасында байқау өтеді.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында 1 маусым 16.00-17.00 аралығында Шаған өзенінде сүңгуірлік бөлімшенің жұмысы таныстырылады.

Кешкі сағат 17.00-де Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында мерекелік концерт өтеді.

Сағат 18.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы амфитеатрда «Сенімді дос» ертегісі сахналанады.

2 маусым күні сағат 10.00-де Ә.Молдағұлова көшесі, 20 мекенжайында комьюнити орталығы ашылады, ал сағат 11.00-де Жастар мәдениет сарайында «Бала тілі – бал» атты байқау өтеді.

2 маусым сағат 11.00-де Рысқұлбеков көшесі,1 мекенжайында «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік концерт ұйымдастыралады.

4 маусым күні мерекеге орай Шаған өзенінің оң жағалауында көпшілік жүгіріс өтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-25
Утром15.25 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером22.88 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.2 м/с
2025-06-26
Утром17.24 ℃
Днем21.74 ℃
Вечером25.89 ℃
Ночью18.76 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.16 м/с