Қазақстандықтар дәрі-дәрмек ағзаға жақпаған жағдайда шағымдана алады

Енді қазақстандықтар сатып алған дәрілерінің ағзаға тигізер жанама әсерін арнайы қосымша арқылы хабарлай алады.

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Дәрілік заттың жағымсыз әсерін баяндалатын карта-хабарламалар немесе «сары карталар» деп аталатын ақпарат парақтарын жіберуге арналған жаңа қызмет Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына дәрілік заттардың қолданудан кейінгі жағымсыз реакциялары жөніндегі ақпаратты онлайн режимде жеделдікпен қабылдау мүмкіндігін береді.

Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет.

ДЗСҰО Фармакологиялық қадағалау департаментінің басшысы, м.ғ.к. Мәлік Әбдірахмановтың айтуы бойынша, мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.

Сонымен бірге, DariKZ мобильді қосымшасының жаңа нұсқасында дәріханалардағы дәрі-дәрмектерге шекті рұқсатты бағалардан асыра қойылған жағдайларға шағымдар түсіру қызметі іске қосылды және жаңартылды.

Пайдаланушыға осы немесе өзге дәрі бағасының асыра қойылуы жөнінде мәлімдеуге ыңғайлы болу үшін әзірлеушілер командасы шағым түсіру қызметін айтарлықтай жетілдірді және оңайлатты. Қолайлы болу үшін «Шағым» нысанына кері байланыс үшін енгізілген мобильді телефон нөмірінің дұрыстығын тексеру, аймақ пен шекті бағаны (бірдей баға қойылғанда) автоматты толтыру тетігі қосылған. Бұдан бөлек, пайдаланушы сәтті жіберілім жөнінде ақпараттық мәлімдеме алады. Жалпы, дәріханадағы бағаға шағым түсіру үшін бірнеше қарапайым қадам жасау қажет:

1. DariKZ мобильді қосымшасынан шекті бағасы белгіленген қажетті препаратты табу;

2. «Бағаға шағым түсіру» тетігін басу, қажетті жолақтарды толтыру және хабарлама жолдау.

Бұдан бөлек, DariKZ қосымшасының көмегімен пайдаланушылардың ұқсас препараттарға қойылатын бағаларды салыстыра алатынын, дәрінің рецепт арқылы әлде рецептісіз берілетінін тексеруіне, сәйкестік сертификатын тексеруге, сондай-ақ дәрінің өндірушісі, медициналық қолданылуы, сақтау мерзімі туралы және т.б. деректерді білуіне болатынын естеріңізге саламыз.

2018 жылы іске қосылған қосымша Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмек туралы ақпарат алу, оның баламасын табу мақсатында қолданылып келген. Одан кейін өнімдердің шекті бағасына шағымдану функциясы қосылыпты.

Жиналған ақпаратты фармацевтикалық қадағалау органы сараптап, дәрілік затты алмастырады немесе нарықтан алып тастайды.

«Бұл енді – пилоттық жоба. Енді бастап жатырмыз. Жаңағы халықтан ақпарат жинағанна кейін оны ары-қарай талдаймыз ғой. Бәлкім, қандай да бір жаңартулар жасау, қосымша ақпарат енгізуге мүмкіндік ашу керек болатын болар. Сол жағын біздер қадағалап, қажетінше қосып отыратын боламыз», деді Тимур Жұмақаев, Цифрландыру департаментінің басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-25
Утром8.99 ℃
Днем20.59 ℃
Вечером22.12 ℃
Ночью16.54 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.14 м/с
2024-04-26
Утром12.69 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером23.77 ℃
Ночью19.44 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.44 м/с