БҚО-да биыл өртте алты адам қаза тапқан

Тағы төрт адам түрлі жарақат алған.

«ОА» мұрағатынан алынған сурет

– Облыс аумағында жыл басынан бері 209 өрт тіркелді. Шығын сомасы 32 миллион теңгеден асты, – деді БҚО ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылы өртте қаза тапқандар болған жоқ, екі адам жарақат алды, ал өрттердің саны 150-ді құрады. Өрттің негізгі себептері отпен және өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Ернұр Өтегенов биыл өрт қауіпті кезеңде 3 орман өрті мен 30 табиғи жану орын алғанына назар аударды.

– Өткен жылмен салыстырғанда табиғи жану екі есе көп. Биылғы жылы өрттер мен жанулардың жалпы ауданы-531 гектар, оның ішінде дала – 310, орман – 221 гектар, материалдық шығын 2,5 млн теңгеден асты. Өткен жылы жанудың жалпы ауданы 74 гектарды құрады (барлығы – 11 өрт), ал шығын 309 мың теңгеден асты, — деп хабарлады Ернұр Өтегенов.

ТЖ департаментінің басшысы жергілікті бюджеттен өрт қауіпті кезеңге «Қазавиақұтқару» АҚ ұсынатын тікұшақ қызметтеріне 49 млн теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

– Бөлінген сома 32,5 млн теңге бөлінген былтырғыдан артық. Биыл біз 7,1 млн теңгеден астам сомаға 142 өрт сөндіргіш сатып алдық, – деді Ернұр Өтегенов.

Ол биылғы өрт қауіпті кезең 5 сәуірде басталғанын толықтырды. Өрт және жану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 196 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 162 адам ескерту алды және 34 адам екі миллион теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Мария ДРАЧЕВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

three × three =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем20.41 ℃
Вечером18.76 ℃
Ночью14.01 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.02 м/с
2023-09-30
Утром10.61 ℃
Днем18.12 ℃
Вечером16.49 ℃
Ночью13.37 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.66 м/с