Жол апаты кезінде аман қалған мұғалімдердің жағдайы белгілі болды

Қобда ауданында жол апатынан аман қалған екі мұғалімге шұғыл түрде ота жасалған.

Фото ашық дереккөзден

Жол апатынан кейін олар бірден ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК.

«Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ара қашықтықты сақтмай, жылдамдықты асырып, ДАФ жүк көлігінің артына соғылған. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді»,- дейді Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы Еркін Өтегенов.

Бір жолаушы ауруханаға түскен бойда көз жұмған. Жеңіл көлікте Орал қаласының мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер болыпты. Олар Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқыған. Енді диплом алуы керек екен. Сол үшін такси жалдап, бәрі бірге шыққан. Аман қалған 27 жастағы жүргізуші мен екі мұғалім қазір облыстық ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, жансақтау бөліміне түскен.

«Тексеруден кейін екі науқасқа ота жасалды. Біреуінің қабырғалары сынған, оң жақ иығы да сынған. екіншісінің де оң жақ иығын түзеп, тізе маңындағы еттерін тігу керек болды. Қазір үш науқас та жансақтау бөлімінде. Тұрақты, ауыр деп бағаланады жағдайлары»,- деп хабарлайды травматолог дәрігер Жасұлан Орынбаев.

Үшінші науқас – мұғалімдерді тасыған LADA Largus жүргізушісі. Оның оң жақ аяғы сынған.

Айта кетсек, 1 маусымда Самара – Шымкент тас жолының 594 шақырымында жол апаты орын алып, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға түсіп, көп ұзамай олардың бірі көз жұмғаны белгілі болды. Марқұмдардың барлығы Ақтөбеге диплом алуға бара жатқан мұғалімдер екені анықталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

eleven + 8 =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером16.85 ℃
Ночью15.13 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.91 м/с
2023-09-30
Утром11.31 ℃
Днем19.09 ℃
Вечером16.82 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.32 м/с