«10 жылға дейін сотталуы мүмкін»: полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілгенін еске салды

Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды. 

© Тұрар Қазанғапов

«19 мамырдан бастап «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді.

Бұл заң бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін де жауапкершілік күшейтілді», — деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген саралау белгілері енгізілген.

Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.

Сонымен қатар басылым әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін екенін де атап өтті. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың кешенді жоспары әзірленді

БҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық өскен

Отбасында зорлық-зомбылық жасағандар енді айыппұлмен құтылып кетпейді

Дереккөз: polisia.kз

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером28.7 ℃
Ночью20.68 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с